2025 жылдың 1 ақпанында ауа райының нашарлығына байланысты бұрын жабылған автожолдарда қозғалыс ашылды.
Алматы облысында:
07:00-ден бастап «Алматы-Шелек-Хоргос» автожолының 136-254 км учаскесінде (Бейсейт ауылынан Жетісу облысына дейін) қозғалыс ашылды;
08:30-дан бастап «РФ-дан Мартук-Актобе-Карабутак-Кызылорда-Шымкент-Тараз-Кордай-Алматы-Хоргос-Қытай шекарасына дейін» автожолының 59-143 км учаскесінде (Жанакурлыс ауылынан Жамбыл облысына дейін) қозғалыс ашылды;
12:00-де «Алма-Тау турбазасына кіреберіс» автожолының 0-15 км учаскесінде (Туздыбастау ауылынан Бескайнар ауылына дейін) қозғалыс ашылады.
Жетісу облысында:
07:00-ден бастап «Алматы-Шелек-Хоргос» автожолының 254 км учаскесінде (Алматы облысынан) қозғалыс ашылды;
09:30-дан бастап «Алматы-Талдыкорган-Усть-Каменогорск-Шемонаиха-РФ» автожолының 557-615 км учаскесінде (Ушарал қаласынан Абай облысына дейін) қозғалыс ашылды.
Абай облысында:
07:00-ден бастап «Қарағанды-Аягөз-Тарбағатай-Бұғаз» автожолының 383-900 км учаскесінде (Кайнар ауылынан Сатпаев ауылына қарай) қозғалыс ашылды;
09:30-дан бастап «Алматы-Талдыкорган-Усть-Каменогорск-Шемонаиха-РФ» автожолының 615-683 км учаскесінде (Жетісу облысынан Таскескен ауылына қарай) қозғалыс ашылды;
«Таскескен-Бахты» автожолында 0-75 км (Таскескен ауылынан Урджар ауылына дейін) қозғалыс ашылды.
Жамбыл облысында:
08:30-дан бастап «РФ-дан Мартук-Актобе-Карабутак-Кызылорда-Шымкент-Тараз-Кордай-Алматы-Хоргос-Қытай шекарасына дейін» автожолының 143-214 км учаскесінде (Алматы облысынан Кордай ауылына (ескі өткел)) қозғалыс ашылды.