Ішкі істер министрлігінің хабарламасында 2018 жылы күдікті Алматыдағы банктің бірінен 55 млн теңге ұрлағаны туралы айтылған. 38 жастағы ер адам бұл ұрлықты транзакциялармен манипуляция жасау арқылы жүзеге асырған.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ұлттық орталық бюросының сұрауымен ол Швецияда ұсталды және қазіргі уақытта сол жерде экстрадицияны күтіп, қамауда отыр.