"Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулысымен Ербол Шымкентбаевич Аликулов мәдениет және ақпарат вице-министрі қызметінен өтінішіне сәйкес босатылды" , - делінген хабарламада.
Ербол Аликулов осы лауазымға ағымдағы жылдың ақпанында тағайындалғанын атап өтейік. Бұрынғы вице-министр Арман Жудебаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен кеткен.
Үкіметтің сайтында жарияланған ақпаратқа сәйкес, Ербол Аликулов 1974 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін тәмамдаған.
Еңбек жолын 1996 жылы "Каусар-булак" баспасының директорының орынбасары ретінде бастады.
1998-2002 жылдары жеке компанияда жұмыс істеді.
2002-2005 жылдары - Алматы қаласы Түрксіб ауданындағы әкім аппаратының бөлім бастығы, басты маманы, әкімнің орынбасары.
2006-2009 жылдары - Алматы қаласы Алмалы ауданындағы әкімнің көмекшісі-кеңесшісі, әкімнің орынбасары.
2009-2013 жылдары - Алматы қаласы Жетісу ауданның әкімі.
2013-2014 жылдары Алматы қаласы әкімінің аппаратының жетекшісі болды.
2014-2017 жылдары - жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының жетекшісі, Алматы қаласы еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон департаментінің жетекшісі.
2017 жылы еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің төрағасының орынбасары қызметін атқарды.
2017-2022 жылдары - ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы.
2022-2023 жылдары - Қарағанды облысы әкімінің орынбасары.
2023 жылдың қазанынан бастап ҚР мәдениет және ақпарат министрлігінің аппаратының жетекшісі лауазымын атқарып, кейін вице-министр болды.
Эксклюзивті контент және жаңалықтар тек сіз үшін! Telegram-ға жазылыңыз!