zakonkz.com

Алматы облысында УБОП-тың уақытша басшысы тағайындалды.

Полиция майоры Байжан Сатылғанов Алматы облысының ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының уақытша басшысы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды NUR.KZ.
Алматы облысында УБОП-тың уақытша басшысы тағайындалды.

NUR.KZ тілшісіне Алматы облысының ПД баспасөз қызметінен хабарлағандай, полиция майоры Байжан Сатылғанов Алматы облысының ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының уақытша бастығы болып тағайындалды.

Естеріңізге сала кетейік, біз бұрын Алматы облысының полиция департаментіндегі кадрлық өзгерістер туралы жазған болатынбыз. Бірқатар жоғары лауазымды полицейлер өз лауазымдарынан босатылды, олардың арасында бұрынғы ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Дулат Қайыр және оның орынбасары Жанат Омаров бар.

Сонымен қатар, ҚР Президенті Әкімшілігімен келісім бойынша ішкі істер министрінің бұйрығымен облыстық полиция департаментінің бастығы болып Мейрам Абикеев тағайындалды. Полиция полковнигі бұрын Солтүстік Қазақстан облысы ПД бастығының орынбасары болған.

Облыстық полиция департаментінің бірінші орынбасары болып Багдат Ашимов тағайындалды.

Эксклюзивті контент және жаңалықтар тек сіз үшін! Telegram-ға жазылыңыз!