Желідегі "Фантастикалық төрттік: Алғашқы қадамдар" фильмінің тизері талқыланып жатыр. Роликті 16 миллионнан астам рет көрген, Tengri Life толығырақ баяндайды.
Трейлер Marvel Entertainment-тың YouTube арнасында жарияланды. Видеоның ұзақтығы - 97 секунд.
Мистер Фантастиканы Педро Паскаль, От адамын – Джозеф Куинн ("Өте қызық оқиғалар" сериалы), Көрінбейтін әйелді – Ванесса Кирби ("Корона" сериалы), ал Жаратылысты – Эбон Мосс-Бахрак ойнайды. Фильм ретрофутуризм стилінде түсірілген. Қысқа тизер кейіпкерлермен таныстырып, ностальгия оятады. Негізгі акцент отбасылық құндылықтарға, адалдыққа және жылдар бойғы достыққа қойылған.
Ролик 46 мыңнан астам пікір жинады, көптеген платформа қолданушылары фильмді мүмкіндігінше тезірек көруді қалағандарын атап өтті.
"Егер менің әкем сәл ұзақ өмір сүрсе, біз бұл фильмді бірге көруге міндетті түрде барар едік", "Маған 50 жас, және мен әкемді осы фильмге апаруды асыға күтемін, себебі бұл мен көрген алғашқы комикс болды", "Саундтрек, визуал, бәрі-бәрі – мен Marvel фильмінен көп жылдар бойы мұндай толқуды сезінген емеспін, құдайым!", "Мен бұл нәрсеге қуаныштымын! Аса асыға күтемін", – деп жазды адамдар пікірлерінде.
Жобаның режиссері – Мэтт Шекман. Оның ең танымал жұмысы - "Ванда/Вижн" мини-сериалы. Оның жаңа фильмі 25 шілдеден бастап көрсетілетін болады.
Белгілі болғандай, "Фантастикалық төрттік" – Marvel комикстерінен шыққан суперқаһармандар командасы, оған Мистер Фантастика, Көрінбейтін әйел, От адамы және Жаратылыс кіреді. Олар ғылыми экспедиция кезінде космостық радиацияның әсерінен қабілеттерін алды. Команда түрлі қауіптермен күреседі және комикс әлеміндегі ең символдық командалардың бірі болып табылады.
