31 халықаралық және 27 аймақтық жеткізу арнасы жойылды, сондай-ақ 32 заңсыз нарколабораторияның қызметі тоқтатылды. Заңсыз айналымнан 3 тоннадан астам есірткі және психотроптық заттар, 4,5 тонна мак қауашағы және синтетикалық есірткі өндіруге пайдаланылған 18 тонна химиялық реагенттер алынды. «Қара нарықтағы» тәркіленген заттардың жалпы құны 36 миллиард теңгеден асады.
Жүргізілген операциялардың нәтижесінде есірткі қылмыстары үшін 164 адам сотталды. Шетелдік уәкілетті органдармен бірге есірткілердің Қазақстан территориясы арқылы әкелінуі мен транзитін тоқтату мақсатында 25 бірлескен операция жүргізілді.
Есірткі айналымымен күрес шаралары жалғасуда.