«Міне, бұл жағдай, егер дұрыс қарасақ, біздің бас директорымыздың дөрекі сөздер айтқанын дұрыс қабылдамауымыз керек. Бірақ оған бірнеше оқиға себеп болды. Бірінші, УБР ғимаратына адамдар кіріп, бізді мәжбүрлеп үгіттеді, тіпті қызметкерлерді көшеге шығарып, рұқсат етілмеген акцияға қосылуға мәжбүрлемекші болды. Яғни, олар адамдарды ренжіте бастады», - деді Асхат Хасенов.
Оның айтуынша, бұл айналасындағы жағдайға эмоционалдық жауап болды.
«Бұл эмоционалдық жарылыс болды. Ол сөйлесуге келді, егер видеоны қарасаңыз, бұл бас директор ретінде емес, азамат, қала тұрғыны ретінде сөйлескені. Онда қыздарды, әйелдерді ренжіткендіктен, осындай эмоционалдық конфликт болды», - деп қосты спикер.
Дегенмен, ол шаралар қабылдайтынын уәде етті.
«Шынында да шаралар қабылданды. Тек әңгіме емес, біздің корпоративтік мәдениетіміз, қызметкер кодексі сақталуы тиіс, әсіресе бірінші басшы үшін. Біз болашақта мұндай жағдайлардың болмауын бақылап, қадағалайтын боламыз. Біз өзімізді ақтамаймыз, бірақ бұл кезең бірнеше бөліктен тұрды. Және барлық жерде оның қызметкерлерін ренжіткен, ол адамдарды қорғау үшін шықты», - деп қорытындылады КМГ басшысы.