2024 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Қытайдың бірлескен кәсіпорны «Ульба-ТВС» ЖШС жобалық қуатына жетті – 200 тонна төмен байытылған уран өндірілді, деп хабарлайды Kapital.kz ақпарат орталығы «Қазатомпромның» деректеріне сілтеме жасап.
«Ульба-ТВС» – Орталық Азия аумағында атом электр станцияларына отын шығаратын жалғыз кәсіпорын. Жобаны «Қазатомпром» өзінің еншілес ұйымы «Ұлбинск металлургия зауыты» арқылы, Қытайдың Жалпы Ядролық Энергия Корпорациясымен бірлесіп жүзеге асырады.
««Ульба-ТВС» зауытында ядролық отын өндірісі 2021 жылдың қараша айында басталды. Зауыт іске қосылған сәттен бастап жоспарлы түрде өндіріс көлемін арттырып, үш жыл ішінде жобалық қуатына жету кестесіне сәйкес жұмыс істеді... Бұл зауытта өндірілген барлық жылу бөлгіш жинақтар Қытайдың атом электр станцияларына жеткізіледі», - деп түсіндірді ұлттық компанияда.
Кәсіпорынның үшінші жылында 2024 жылы 200 тонна төмен байытылған уран өндіріп, қойылған мақсатты орындады. Бұл көлем алты ядролық реакторды қайта жүктеу үшін қажетті ядролық отынның мөлшеріне сәйкес келеді.