Қазақстан Республикасының Елшісі Жанна Сагинованың Словакия Республикасының Президенті Петер Пеллегриниге сенім грамоталарын табыстау рәсімі Президенттік сарайда өтті.
Рәсім барысында өткен әңгімеде тараптар екі ел арасындағы достық қатынастардың маңыздылығын атап өтіп, саяси диалогты, сауда-экономикалық ынтымақтастықты және мәдени-гуманитарлық байланыстарды барынша нығайтуға бағытталған тұрақты курсты жалғастырудың қажеттілігін ерекше атап өтті.
Кездесуді қорытындылай келе, П. Пеллегрини Елшіге дипломатиялық миссиясында табыс тілеп, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа ең жақсы тілектерін жеткізді.