Қасым-Жомарт Тоқаев Финляндия президенті Александр Стуббқа ұлттық мереке қарсаңында құттықтау жолдады, деп хабарлайды Kapital.kz бизнес ақпарат орталығы Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы Финляндияның тұрақты және гүлденген қоғам құрудағы елеулі жетістіктерін атап өтті.
Екіжақты ынтымақтастықтың динамикасын жоғары бағалай отырып, президент қазақ-фин өзара тиімді серіктестігін одан әрі нығайтуға сенім білдірді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Финляндия халқына әл-ауқат пен прогресс тіледі.
Еске сала кетейік, бүгін мемлекет басшысының Қырғызстан президенті Садыр Жапаровпен телефон арқылы сөйлесуі өтті. Әңгіме барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғыз Республикасының басшысын туған күнімен құттықтады.