zakonkz.com

Пакеттер мен хаттарды үшінші тұлғаларға алуға рұқсат беріледі.

Көпқабатты үйлерде постоматтар орнатылады.
Пакеттер мен хаттарды үшінші тұлғаларға алуға рұқсат беріледі.

Мәжілісте «Пошта туралы» заңға енгізілетін өзгерістер бірінші оқылымда мақұлданды. Негізгі жаңалықтардың бірі – «Қазпошта» арқылы үшінші тұлғаларға пакеттерді алу мүмкіндігін беру, деп хабарлайды Kapial.kz бизнес ақпарат орталығының тілшісі.

«Цифрлық технологияларды енгізу арқасында, сәйкес ПИН-код немесе QR-код болған жағдайда, енді пошта алуды үшінші тұлғаларға беру мүмкіндігі пайда болады. Бұл маркетплейстерден тауарларды пошта бөлімшелеріне және үйге жеткізуді айтарлықтай жеңілдетеді», - деді депутат Екатерина Смышляева мәжілістің пленарлық отырысында.

Ол заң жобасы көпқабатты үйлерде поштаматтарды орналастыру тәртібін де қарастыратынын қосып айтты:

«Бұл кондоминиум объектілерінде пакеттерді қабылдауға арналған ыңғайлы пункттерді құру үшін қажет. Сонымен қатар, заң жобасы пошта карточкалары мен бандерольдер сияқты ескірген және сұранысқа ие емес пошта қызметтерін алып тастайды. Сұранысқа ие емес корреспонденцияның сақтау мерзімі қысқарады және пошта инфрақұрылымы бойынша ескі нормалар жойылады. Бұл пошта байланыс нарығын дамытуға және реттеушінің өкілеттіктерін нақтылауға да көмектеседі».

Айта кетейік, 2024 жылдың тоғыз айында «Қазпошта» 25 млн дана баспа корреспонденциясын жеткізді. Алайда, цифрландыруды ескере отырып, компанияның клиенттік базасы өзгерістерге ұшырады.