Астана әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында бірнеше ұзақ жылдар бойы құрылыс жүргізіліп жатқан нысандардың құрылысын аяқтау жақын арада болатынын хабарлады, деп жазады Kapital.kz бизнес ақпарат орталығы елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
«Жылдың соңына дейін тағы 8 тұрғын үй кешенінің құрылысын аяқтауды жоспарлап отырмыз. Олардың арасында 13 жыл бойы құрылысын күткен нысандар бар! ЖК «Араби 2 - Гранитный 2» құрылыс барысымен таныстым. Бұл ЖК 12 жыл бұрын проблемалық нысан деп танылған. Нысанды «Елорда құрылыс компаниясы» ЖШС-не тапсыру кезінде бұл ЖК-нің тіпті жер учаскесі де жоқ еді. Жер учаскесін бөлу, қажетті рәсімдердің өтуі сияқты үлкен жұмыс атқарылды. Бүгінгі күні Б блогында құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде», - деді қала басшысы.
ЖК «Садовые кварталы» - бұл нысанның құрылыс жұмыстары 2012 жылы басталған. ЕКК-ге тапсыру кезінде нысан негізінен сваи мен котлован деңгейінде болды. Бүгінгі күні 2 учаскеде, 5, 6 блоктарда пәтерлердегі ақауларды жою және абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. 4 учаскеде ортақ пайдалану орындарын әрлеу, еденнің стяжкасын құю, төмен вольтты желілерді монтаждау жұмыстары атқарылуда.
«Соңғы жылдары 140-тан астам үйдің құрылысын аяқтадық. Пәтерлердің ұзақ күткен кілттері 15,5 мыңнан астам отбасы үлескерлеріне берілді. Ұзақ жылдар бойы құрылыс жүргізілген нысандардың аяқталуы мемлекет басшысының бақылауында», - деп жазды елорда әкімі.