Белградта Қазақстан мен Сербияның қорғаныс министрлері арасында келіссөздер өтті. Қазақстанның қорғаныс ведомствосының басшысы, генерал-лейтенант Руслан Жақсылықовтың серб әріптесі Братислав Гашичпен ресми кездесуі барысында екіжақты әскери ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бағдарлама аясында қазақстандық делегация Сербияның қорғаныс-өнеркәсіп кешенінің кәсіпорындарының көрмелеріне де барды.
Келіссөздердің нәтижесінде қорғаныс саласында екіжақты келісімдер мен 2025 жылға арналған әскери ынтымақтастық жоспары қол қойылды.