"Мемлекет басшысы атап өткендей, республика мен жергілікті жолдардың жағдайы халықтың әділ наразылығын туғызуда. Бұл ретте, қоғам тарапынан айтылған ескертулердің басым бөлігі жергілікті желі жолдарына қатысты.
Көлік министрлігінің мәліметінше, жергілікті маңызы бар жолдардың 87%-ы қанағаттанарлық жағдайда.
Алайда, тек 31 мың км, яғни жергілікті жолдардың 44%-ы асфальтбетон жабынына ие. Ал қалған 39 мың км, яғни 56% жергілікті жолдар қиыршық тас, гравий және топырақ жабынына ие.
Осыған байланысты, қиыршық тас, гравий және топырақ жолдарын қанағаттанарлық жағдайда деп есептемейтін автожолдардың сапасын бағалау критерийлерін қайта қараудың қажеттігін атап өтеміз", - деді депутат Нуртай Сабильянов.
Ол, нәтижесінде жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының нақты жағдайы көрінетінін айтты.
Қыркүйек айында Қазақстан президенті өз жолдауында елдегі автожолдардың жағдайын өзекті мәселе деп атағанын атап өтеміз.
Қасым-Жомарт Тоқаев қоғамдық бақылау үшін жолдарды жөндеу мен салуға арналған цифрлық платформаны іске қосуды ұсынды.
Қазан айында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі соңғы 5 жылда жол саласына 6 трлн теңгеден астам қаражат жұмсалғанын, бірақ оның жағдайы наразылық тудыратынын мәлімдеді.
Соңғы екі жылда мемлекеттік органдарға азаматтардан автомобиль жолдарының төмен сапасына қатысты 20 мыңнан астам шағым түскен, ал қоғам мұны сыбайлас жемқорлықпен байланыстырады. Биылғы жылдың басынан бастап салада 24 қылмыстық іс тіркелді.