Халықаралық шара 2003 жылдан бері өткізіліп келеді, биылғы жылы «Диалог, дипломатия және әртүрлілік» (Diplomacy, Dialogue and Diversity) ұранымен өтуде. Бұл іс-шара барысында Қатар астанасында геосаясат, экономикалық даму, жаңа технологиялар, жасанды интеллект, энергетика және азық-түлік қауіпсіздігі мәселелері талқыланып, қазіргі заманның негізгі проблемаларын шешу бойынша пікір алмасу жүргізіледі.
Мемлекет басшысы Newsmaker Interview форматында арнайы сессияға қатысып, модератор, CNN журналисі Джулия Чаттерлейдің сұрақтарына жауап берді.
Қазақстан Президенті, ең алдымен, БҰҰ-ның тиімді жұмыс істеуінің маңызы мен орташа державалардың рөлінің артуы туралы баяндады.
Мемлекет басшысы сондай-ақ әлемдік саудадағы дауларға қатысты өз пікірін білдірді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның сыртқы саясаты, Украинадағы жағдайды реттеу және Таяу Шығыстағы мәселелер, сондай-ақ жастардың еліміздің дамуына қосатын үлесі туралы сұрақтарға да жауап берді.