Сапар барысында Франциядағы сыртқы сауда және шетелдегі француз азаматтары жөніндегі министр-делегат, энергетика мәселелері жөніндегі министр-делегат және энергетика мен климат жөніндегі директормен кездесулер өтті.
Қазақстан делегациясы Францияның атом энергетикасы саласындағы жетекші ұйымдарымен, оның ішінде ең ірі энергетикалық компания және атом электр станцияларының операторы EDF, АЭС үшін жабдықты әзірлеуші және өндіруші Framatome, сондай-ақ АЭС үшін турбиналық жабдықтарды жеткізуші Arabelle Solutions компанияларымен келіссөздер жүргізді.
Сонымен қатар, атом электр станциялары сияқты күрделі инфрақұрылымдық нысандар үшін инжиниринг қызметтері, жобаларды басқару және цифрлық шешімдер бойынша маманданған Assystem халықаралық консалтингтік компаниясымен кездесу өтті.
Делегация сондай-ақ Радиоактивті қорғау және ядролық қауіпсіздік институтының (IRSN) дағдарыс орталығына және АЭС жабдықтарын шығаратын зауытқа барды.
Француз тарап Қазақстанға атом электр станциясын салу жобасын жүзеге асыруда қолдау көрсетуге дайын екендіктерін білдірді. Францияда атом энергетикасы өндірілетін электр энергиясының шамамен 70%-ын құрайды және бұл салада әлемдік көшбасшы болып табылады.
Еске салайық, EDF компаниясы Қазақстанға ядролық технологияларды жеткізушілердің қысқа тізіміне енгізілген.