Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан Президентін туған күнімен құттықтап, бауырлас әзербайжан халқының игілігі үшін мемлекеттік қызметте одан әрі табыс тіледі.
Мемлекет басшысы Ильхам Әлиевтің қазақ-әзербайжан қатынастарын дамытудағы елеулі үлесін жоғары бағалады.
Президенттер екіжақты ынтымақтастықтың жоғары динамикасын қанағаттанушылықпен атап өтіп, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы стратегиялық серіктестікті одан әрі тереңдетудің перспективаларын талқылады.
Өзара жоғары деңгейдегі сапарлар барысында қол жеткен келісімдердің орындалуына ерекше назар аударылды.