Астанада таңғы сағат 7-ден бастап 19 дауыс беру учаскесі жұмыс істейді, олардың үшеуі жабық, деп хабарлайды DKnews.kz.
Мәслихат депутаттары бес жыл мерзімге сайланады. Дауыс беру бюллетеніне 6 кандидат енгізілген. Астана қаласында № 6 сайлау округі, «Байқоңыр» ауданында орналасқан, сайлауға қатысады.
Дауыс беру учаскелері сағат 20.00-ге дейін жұмыс істейді.
Бұған дейін, әрбір округ тұрғынына жеке шақыру қағаздары таратылды. Сонымен қатар, учаскелік комиссия мүшелері 17-27 қараша аралығында дауыс берушілер тізімімен танысу мақсатында аулаларды аралады.