zakonkz.com

Кімдерге жасыл шай ішуге болмайды. Бұл ақпаратты өмір бойы есте сақтаңыз.

Көптеген жылдар бойы тонизирующий сусындар арасында жетекші орын алған жасыл шай, шындығында, бәріне бірдей пайдалы емес және әр адамға да жарамды емес, деп хабарлайды Sports.kz Glavred.info-ға сілтеме жасап.
Кімдерге жасыл шай ішуге болмайды. Бұл ақпаратты өмір бойы есте сақтаңыз.

Оның айтуынша, жасыл шай антиоксиданттарға, В тобының витаминдеріне, минералды тұздарға, танинге және кофеинге бай. Бұл сусын тазартушы және бактерицидтік функцияларды атқарады.

Дегенмен, кейбір жағдайларда жасыл шай денсаулыққа зиян тигізуі мүмкін, деп атап өтті сарапшы. Мысалы, жүкті әйелдерге көп шай ішу және күшті қайнату жасау ұсынылмайды, себебі ол кофеинді қамтиды және фолий қышқылының сіңуіне кедергі келтіреді. Сол себепті, глаукома мен гипертониямен ауыратын адамдарға да оны қолданбау керек.

Жасыл шайдың негізгі заты (танин) организмдегі темір деңгейіне әсер етеді, сондай-ақ кальций мен магний сіңірілуіне теріс әсер етеді. Осыған байланысты маман жасыл шайды тамақтан кейін бір сағат өткен соң ішуге кеңес береді. Сонымен қатар, танин шырышты қабықты тітіркендіруі мүмкін. Сондықтан, асқазан жарасы немесе он екі елі ішектің аурулары бар адамдарға жасыл шай ішу ұсынылмайды.