zakonkz.com

Alaqan биометриялық қызметі шетел нарықтарына шығып жатыр.

Оңтүстік-Шығыс Азияны игеруді бастаймыз, деді компания негізін қалаушы Берік Нұрымбетов.
Alaqan биометриялық қызметі шетел нарықтарына шығып жатыр.

Қазақстандық биометриялық сервис Alaqan Шанхайда өткен VII Қытай халықаралық импорт көрмесінде таныстырылды. Бірегей жобаның авторлары қытай кәсіпкерлерімен және басқа елдердің серіктестерімен жаңа байланыстар орнатуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.

Alaqan – бұл адамның алақанындағы веналардың суреті бойынша идентификациялауды қолданатын инновациялық биометриялық жүйе, ол қауіпсіз және ыңғайлы төлемдер, қол жеткізуді бақылау және деректерді есепке алуды қамтамасыз етеді. Технология карталарды, қолма-қол ақшаны немесе мобильді құрылғыларды пайдаланбай-ақ төлем жасауға және авторизациялауға мүмкіндік береді, инфрақұрылыммен байланысудың байланыссыз және қауіпсіз тәсілін қамтамасыз етеді.

«Бұл адамға әрекет ету еркіндігін береді. Біздің жүйе мектептерде қолданылып, Alaqan Mektep экожүйесі ретінде танымал. Осының арқасында бала алақаны арқылы мектепке кіреді, тамақ сатып алады, кітапханадан кітап алады, шкафын ашады, ал ата-аналар мұның бәрін бақылап отырады. Бүгінгі таңда Alaqan Mektep жүйесі бірнеше аймақтың білім беру мекемелерінде енгізілген, шамамен 300 мектеп қосылған. Біз шетелде де араб елдерінде таныстырылдық, онда біздің әзірлемеміз төлем жүйесі ретінде қолданылады. Ертең Сингапурға ұшамыз, және Оңтүстік-Шығыс Азия нарығын игеруге кірісеміз», — деді Alaqan компаниясының негізін қалаушы Берік Нұрымбетов.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанның «Жаңа дәуір, ортақ болашақ» ұлттық павильонында еліміздің электрондық және қаржылық қызметтерді дамыту, трансшекаралық сауда, инвестиция тарту саласындағы жетістіктері таныстырылды, сондай-ақ қазақстандық әзірлеушілердің стартаптары, мысалы: Squares – әлемнің кез келген нүктесінде локацияны тез табуға және брондауға мүмкіндік беретін сервис; Alaqan AI – алақан венасының суреті бойынша жеке тұлғаны биометриялық идентификациялау саласындағы жаңа шешім; Cerebra AI – инсультты анықтауға арналған жасанды интеллект негізіндегі диагностикалық бағдарлама әзірлемесі және т.б. көрсетілді.