zakonkz.com

Техникалық ақау салдарынан мемлекеттік органдар мен eGov сайттарына қол жеткізу мүмкін емес.

Екінші деңгейлі банктердің қосымшаларында мемлекеттік қызметтерді алу уақытша қолжетімсіз болуы мүмкін.
Техникалық ақау салдарынан мемлекеттік органдар мен eGov сайттарына қол жеткізу мүмкін емес.

Техникалық ақау салдарынан Қазақстанда мемлекеттік органдар мен электронды үкіметтің сайттары уақытша қолжетімсіз, деп хабарлайды Kapital.kz бизнес ақпарат орталығының тілшісі «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Мемлекеттік органдардың серверлік орталығының инфрақұрылымындағы техникалық ақауға байланысты «ҰАТ» қызметтерінің бірқатарында уақытша қолжетімсіздік байқалады. Осыған байланысты eGov.kz порталының, eGov Mobile мобильді қосымшасының, E-license және Ашық үкімет порталдарының, мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының Бірыңғай платформасының және «ҰАТ» басқа жобаларының компоненттерін пайдаланушылар аталған жүйелердің қызметтерінің ішінара қолжетімсіздігімен кездесуі мүмкін», - делінген хабарламада.

«ҰАТ» мамандары қызметтердің жұмысын қалпына келтіру бойынша жұмыстар жүргізуде. Жұмыстардың аяқталуы жақын арада күтілуде.

Компанияда халыққа қызмет көрсету орталықтарында (ХҚО) және екінші деңгейлі банктердің қосымшаларында мемлекеттік қызметтерді алу кезінде уақытша қолжетімсіздіктің болуы мүмкін екендігі хабарланды.

«Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз», - деп мәлімдеді «Ұлттық ақпараттық технологиялар» компаниясында.