zakonkz.com

Сондай-ақ, elicense.kz сайтынан қалдықтарды жинау және сату үшін рұқсат алуға болады.

Қызмет көрсету мерзімі - 15 жұмыс күні.
Сондай-ақ, elicense.kz сайтынан қалдықтарды жинау және сату үшін рұқсат алуға болады.

elicense.kz порталында заңды тұлғаларға металл сынықтары мен түсті және қара металдардың қалдықтарын жинау, сақтау, қайта өңдеу және сату бойынша автоматтандырылған қызмет көрсетіледі. Рұқсаттарды алу Қазақстанның барлық аумағында кәсіпкерлердің қызметі үшін қолжетімді, деп хабарлайды Kapital.kz бизнес ақпарат орталығының тілшісі «НИТ» АҚ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Рұқсат беру қызметінің мерзімі 15 жұмыс күнін құрайды. Кәсіпкер рұқсатты жергілікті атқарушы органдардан ала алады.

Рұқсат алу үшін қажет: - elicense.kz порталында авторизацияланып, «Кен пайдалану» бөліміне өту; - қызметтер тізімінен «Заңды тұлғаларға металл сынықтары мен түсті және қара металдардың қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және сату бойынша рұсат беру» қызметін таңдау; - барлық қажетті өрістерді толтырып, файлдарды жүктеу және мемлекеттік бажды төлеу; - қызметті ЭЦП/QR арқылы қол қою.

Мемлекеттік органның оң шешімі болған жағдайда, дайын лицензия elicense.kz порталында пайдаланушының «Жеке кабинеті» бөлімінде «Рұқсаттар» модулінде көрсетіледі. Егер өтінімге бас тартылса, «Менің өтініштерім» модулінде негізделген бас тарту сақталады.

Рұқсат беру үшін 10 МРП мөлшерінде мемлекеттік баж төленеді. Төлем заңды тұлғаның тіркелген орны бойынша салық органына екінші деңгейлі банктердің кез келгенінде жүргізіледі.