zakonkz.com

Обязательные аспекты налоговой реформы создали напряжение между правительством и бизнесом, как гром среди ясного неба, разразившееся в спокойный день.

Қазақстанның ірі девелоперлік компаниялары — бұл өзара байланысты көптеген ЖШС-дан тұратын холдингтер. Біз бизнес бөлшектенуінің себептерін бірнеше рет талқылаған болатынбыз. 28 ақпанда ҚР премьер-министрі Олжас Бектенов, қазақстандық кәсіпкерлерді, соның ішінде Bazis және BI Group секілді ірі құрылыс компанияларын салықтан жалтаруда айыптап, бұзушыларды екі апта ішінде қосымша салық декларацияларын тапсыруға және қарыздарын өтеуге шақырды.
Обязательные аспекты налоговой реформы создали напряжение между правительством и бизнесом, как гром среди ясного неба, разразившееся в спокойный день.

Премьер-министр Бектеновтың айтуынша, тәртіп бұзушылар салық жүктемесін оңтайландырудың әртүрлі схемаларын пайдаланады және миллиардтаған айналым кезінде бюджетке «олардың пайдасына мүлдем сәйкес келмейтін» сандарды төлейді.

«Бізде осындай ірі компаниялардың толық тізімі бар. Онда BI Group, BAZIS және басқа да ірі құрылыс компаниялары, танымал мейрамханалар, фитнес-клубтар мен экономиканың басқа секторларында жұмыс істейтін әртүрлі компаниялар бар», — деп мәлімдеді Бектенов.

Премьер бизнеске тікелей жүгініп, заң бұзушыларды екі апта ішінде қосымша салық декларацияларын тапсыруға және қарызды өтеуге шақырды

«Егер бұл әрекеттер жасалмаса, онда мемлекет иелігіндегі барлық ресурстарды, соның ішінде фискалдық және құқық қорғау ресурстарын қолдану құқығын өзіне қалдырады. Әңгіме қатал болады, бірақ бизнес мемлекетке қатысты әділ әрекет етуге дайын болса, біз диалогқа дайынбыз», — деп қорытындылады Бектенов.

Bazis және BI Group құрылысшылары кеше журналистермен кездескен кезде Премьер-министр Олжас Бектеновтың салық төлеуден жалтарған деген айыптарына жауап берді. Компаниялар барлық салық міндеттемелерін толық көлемде және заңнамада белгіленген мерзімде орындайтындарын мәлімдеді.

Bazis компаниялар тобы өз жауабында салық салуды оңтайландыру үшін «бизнесті бөлшектеу» мақсатында емес, үлестік қатысу туралы заңның талаптарына сәйкес «еншілестер» құрып жатқанын хабарлады.

«Бұл Қазақстан заңнамасында белгіленген заңдық норма және біз оны қатаң орындаймыз», — деп баяндады Bazis-те тұрғын үй құрылысының әрбір жаңа нысаны үшін жеке заңды тұлға құруды міндеттейтін заң туралы.

BI Group атап өткендей, компанияның салықтық аударымдарын өкілетті органдар үнемі тексеріп отырады және тексерулердің қорытындысы бойынша олар наразылық білдірмеген.

«Компания соңғы 10 жылда жыл сайын KPMG және Ernst & Young тәуелсіз халықаралық аудиторлық компанияларының қаржылық есептілік аудитінен өтеді», — деп толықтырды BI Group.

Bazis тобы өз кезегінде осындай дәлелдер келтірді. Компанияның қызметі салық органдарының тұрақты бақылауында екенін және компанияның толық көлемде салық төлейтінін «олар жақсы біледі» деп мәлімдеді. Құрылыс салушы Қазақстанның құрылыс нарығында 30 жылдан астам жұмыс істегенін және Бектеновтың мәлімдемесіне қатты алаңдаатынын атап өтті.

Сонымен қатар, BI Group компанияны неліктен «осындай күмәнданғандар» тізіміне енгізгенін «түсінбейді», бірақ жұмыстың ашықтығы мен адалдығы туралы барлық қажетті ақпаратты беруге дайын екенін растады.

Кеше кешкісін сарапшы Айбар Олжаев әлеуметтік желідегі парақшасында

BI Group салығының әділдігі бойынша таласқа 5 жыл толғанын, бұл мәселе

Премьер-Министр деңгейіне дейін жеткенін, соңғы саты ретінде Президент қана қалғанын айтыпты. «Бизнесім ашық, процесім шынайы деген адам толық ашық жұмыс істеуі керек. Есептілікті сайтқа, депозитарийге жариялауға кім кедергі? BI Group ашықтық, шынайылық принципін ұстанбағандықтан, «неге біз туралы Премьер-Министр айтып жатыр, неге тізімге қосқан?» деп таң қалудың қажеті шамалы. Салықтық бөлшектеу – салықтан жалтарудың күрделі түрі, ол көптеген елде қатаң санкцияларға әкеледі. Елімізде мұндай схемалар кеңінен қолданылады. Алайда, АҚШ-та салықтан жалтарғаны үшін 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған, ал Францияда бұл мерзім 7 жылға дейін жетеді және ірі айыппұлдар салынады», — дейді Айбар Олжаев.

Біздегі салық реформасы осындай лазейкалардың бәрін жаппақ. 2026 жылдан бастап BI Group сияқтыларға жұмыс істеу қиын болады

Салық төлеу – бұл мемлекет алдындағы міндет қана емес, сонымен қатар елдің дамуына, инфрақұрылымға, денсаулық сақтау мен білім беру саласына қосқан үлес. Бизнесін салықты азайту мақсатында бөлшектеу – уақытша пайда әкелетін тәсіл, бірақ бұл үлкен айыппұлдар, сот істері және беделдің төмендеуі сияқты күрделі мәселелерге әкелуі мүмкін. Үкімет бизнесті заңды салықтық жоспарлау құралдарымен қамтамасыз етіп, ашық жұмыс үлгісіне көшуге қолдау көрсетеді. Бұл өз кезегінде экономиканы нығайтып, әділ бәсекелестік ортасын қалыптастырады. «Сондықтан, «счастье» тұрғызып жатқан компания, ол нәрсені қарапайым халықтың несчастьесі есебінен жасап жатқан жоқ па деген сұрақ бар», — деп сөзін түйіндеді сарапшы Айбар Олжаев.